International SOS медициналық қызмет көрсету компаниясының қызметкерлері әлемнің интерактивті картасын жасады. Олар саяхатшылар үшін ең қауіпті және қауіпсіз елдерді атап көрсетті, деп хабарлайды islam.kz.
Компания сайтында орналастырылған картада мемлекеттер туристер үшін қауіптілік деңгейіне байланысты әртүрлі түстерге боялған.
Туристер үшін ең қауіпті деген мемлекеттер қызыл түспен боялған. Бұларға Сирия, Мали, Ливия, Оңтүстік Судан, Йемен, Ауғанстан, Сомали жатады.
Ал туристер үшін қауіпсіз деп саналатын елдер жасыл түспен көрсетілген. Олар - Финляндия, Норвегия және Исландия.
Ресей болса "қауіптілік деңгейі жылдам өзгеретін" санатына жатқызылған екен.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу