Туристер үшін тартымды жобалар қолға алынады

1111

Болашақта Түркістандағы кесене маңында қайықпен жүріп серуендеуіңіз мүмкін. Бұл қаланың бас жоспарында көрсетілген.

Туристер үшін тартымды жобалар қолға алынады

Шаһар басшысы Рашид Аюпов туристер үшін тартымды жобаларды қолға алмақ. Осы және өзге де жоспарлар БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі белсенділерімен болған жиында талқыға түсті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бүгінде Түркістан қаласы тұрғындарының саны – 170 мың. Таяу 5 жылда бұл көрсеткіш 2 есеге дейін ұлғайып, халық саны 350 мыңға жетеді деп болжанып отыр.

"Қосымша 3000 га жер кіріп жатыр. Ол жерге аэропорт салады. Шойтөбе кіріп жатыр. Оған арналған жоспарымыз бар. Оны бекітіп алдық",– деді әкім.

Бүгінде Түркістан көшелеріне қалада қауіпсіздікті қамтамасыз еті үшін 578 бақылау бейнекамерасы орнатылған. Енді тәртіп бұзғандар тез арада анықталып, тиісті шара қолданылады.

"2050 жылы Түркістан 3 қалаға ұқсауы керек дедік. 1-шісі – Стамбұл, 2-шісі – Иерусалим, 3-шісі – Рим. Осы үш қаланың біруіне теңестіруіміз керек",– дейді Рашид Аюпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу