Туристерді тарту мақсатында Нарынқолда жаяу өткізу пункті ашылады

389

Жергілікті билік туризмді дамытуда Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты визасыз режимді тиімді пайдалану керек деп отыр. 

Туристерді тарту мақсатында Нарынқолда жаяу өткізу пункті ашылады Фото: КазТАГ

Биылғы бірінші жарты жылдықта Алматы облысында шетелдік туристер саны 12 есеге артқан. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Республикалық туристік картаға енген әрбір оныншы нысан біздің өңірде орналасқан. Биыл 15 туристік аумақта 337 шақырым таулы соқпақтар мен маршруттарды абаттандыру жүргізіліп жатыр. Көлсай көлдерінің инфрақұрылымын дамыту, кәріз жүйелері мәселесін шешуді қолға алдық. Биыл демеушілердің есебінен тегін Wi-Fi нүктесі қосылып, бейнебақылау камералары орнатылды", - деді Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Облыс әкімі келтірген мәліметтерге сәйкес, осы жылдың жарты жылдығында ішкі туристер саны 13%-ға өсіп, 1,1 млн адамға жеткен. 

"Шетелдік туристер 12 есеге артып, 74 мың адамды құрады. Осы тұста Қытаймен арадағы визасыз режимді тиімді пайдаланып, туристерді көптеп тарту үшін Нарынқолда жаяу өткізу пунктін ашу жоспарланып отыр. Аталған іс-шараларды іске асыру туристер санын 1,2 млн-нан 2 млн адамға дейін арттыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті өңір басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін https://inbusiness.kz/kz/last/2050-zhylga-karaj-g4city-kalasynda-2-mln-nan-asa-adam-turady-bolzham "G4 City" арнайы экономикалық аймағы туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу