Туристердің көп бөлігі қай өңірде демалады?

276

Алматы әлі күнге дейін Қазақстандағы туризмнің негізгі драйвері болып табылады.  

Туристердің көп бөлігі қай өңірде демалады? Фото: Almaty.tv

Курорттық демалысты сүйетіндердің басым бөлігі Қазақстанның оңтүстік астанасына баруды жөн көреді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының ақпаратынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 766,6 мың адамға отандық курорттық аймақтар қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,1 мың адамға артық.

2024 жылғы қаңтар-наурыз деректері бойынша ең танымал курорттық аймақ - Алматы тау кластері. Оған аталмыш уақыт аралығында 551,9 мың турист келген.

Келесі танымал орындар тізбегі:

  • Щучье-Бурабай курорттық аймағы - 69,1 мың турист.
  • Маңғыстау курорттық аймағы - 57,5 мың келуші.
  • Түркістан туристік аймағы 26,1 мың адам
  • Алтай курорттық аймағы 20,7 мың турист.

"2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында курорттық аймақтарда орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі 27,8 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың сәйкес кезеңінде 23,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл тиісінше 19,8% артық",- деп хабарлады ведомство.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу