Туристерге арналған автобустарда барлық жағдай қарастырылған

1109

Туристерге арналған автобустарда барлық жағдай қарастырылған

Туристердің қалада қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін әрі оларды көптеп тарту мақсатында "Visit Astana" жеке компаниясы Астана әкімдігінің қолдауымен "Astana Sightseeing Tours" жалпықалалық экскурсиялық автобустарын ұйымдастыру" жобасын қолға алуда, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Жобаның бағыты ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесінің аумағын есепке ала отырып, қаланың барлық көрікті жерлерін қамтиды. Автобустар аудиогидтермен жабдықталған, туристер үшін экскурсия 6 тілде (қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, неміс)  жүргізіледі.

Жүйелі экскурсиялық автобустың жұмыс кестесі таңертеңгі 10:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, үлкендер үшін жүру бағасы 3000 теңге, ал жеңілдетілген билет құны – 2000.

2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап экскурсиялық автобус 1000-нан астам адамға қызмет көрсетті.

Автобус бағытының басталу және аяқталу нүктесі – Қорғалжың тас жолы бойындағы "Думан" ойын сауықтыру орталығының алдындағы аялдама. Маршрут "Думан", "Хан Шатыр" ОСО, "Салтанат қақпасы", "Mega Silk Way" ОСО, Ұлттық мұражай және "Бәйтерек" монументі.

Еске салайық, жоба Hop-on/Hop-off жүйесі бойынша 2016 жылдың маусымында іске қосылды.  Автобусқа билет алу тәулік бойына қол жетімді. Туристер өздеріне ұнаған жерлермен кеңірек танысу үшін кез-келген аялдамадан түсіп қалып, кейін келесі автобусқа отыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу