Енді туристтер елге кірерде сансыз құжаттар толтырып отырмайды. Оның орнына "EQONAQ" ақпараттық жүйесі арқылы онлайн тіркеледі. Ал қонақ үй қызметкерлері бұған дейін келушілері туралы мәліметті көші-қон коммитіне өткізуге міндетті болған. Бұл қосымша осы процессті толығымен автоматтандыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, пандемия кезінде бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін "EQONAQ" жүйесін "Ashyq"-пен біріктіру жоспарланған. Жобаны заңды түрде мақұлдаса оған бюджеттен 86 миллион теңге бөлінеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу