Туристерге жайлы қонақ үй табуға мүмкіндік жасалды

871

Туристерге жайлы қонақ үй табуға мүмкіндік жасалды

Пайда табуда асыра әрекет ететін пәтерлерді жалға берушілермен нарық механизмі арқылы күрес жүргізіледі, деп хабарлайды astana.gov.kz
ЭСКПО-ға келетін шетел туристері Астананың әуежайлар мен теміржол вокзалдарында қонақ үйлердегі, жатақханалардағы, хостельдердегі бос орындар мен бағасы туралы біле алады.   

"Ұшып келген соң ақпараттық дүңгіршіктер арқылы қонақ үйден алдын ала орын ала алады. Онда ағылшын тілінде қызмет көрсетеді. Бұл қауіпсіз әрі бағасы да нақты белгіленген. Жалға беру құнын біз қадағалап отырамыз. Біз бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін белгілі бағалармен пәтерлер пулын құрған болатынбыз. Яғни арзандатылған баға ұсынылса, қымбат баға екінші кезекте қаралады. Біз барынша бағаның қалыптасуын тек нарық әдісімен реттедік", – деді М.Бектұрова 

Елорда билігі туристерге қонақ үйлердегі баға мен бос орындар туралы арнайы қосымшаларды пайдалануға кеңес береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу