Туристік агенттік 13 млн 860 мың 569 теңгені мақсаттан тыс пайдаланған

864

Туристік агенттік 13 млн 860 мың 569  теңгені мақсаттан тыс пайдаланған

Қарағандыда жиырма шақты адам туристік агенттікке алданғандарын айтып, полицияға шағым түсірді. Олардың жалпы шығыны 13 млн 860 мың теңгені құрады. Шетелге демалуға аттанбақ болғандардың ұшу-қону билеттері, қонақүй бөлмелерінің ақшасы төленбеген, деп хабарлады Baq.kz.

Құқық қорғау органдарына 18 адам демалыстарының шырқы бұзылғанын айтқан. Олардың бірі билетінің ақысы төленбегеніне байланысты елден ұшып шыға алмаса, ендібірі шет елге жеткен соң қонақ үйге орналаса алмаған.

"Біз Болгарияға балалар би ұжымын халықаралық байқауға апару керек болатынбыз. Байқауға дайындық ақпан айында басталған. Ұшаққа билет, қонақ үй мен тасымалдаушы қызметі туристік агенттік арқылы төленді. Сапарға шығардан бірер күн бұрын ұшақ билеттерінің күші жойылғандығын білдік. Біз байқауға бара алмадық, балалар екі күн жылады. Бұған дейін осы туристік агенттіктің қызметін бірнеше рет қолданған едік. Олар бізді алдайды деп ойламаппыз", - дейді қала тұрғыны Татьяна Балакирева.

Бірнеше күн қатарынан алданған туристер турагенттіктің кеңсесін торуылдап жүр, бірақ туристік агенттік басшылығымен кездесу мүмкін емес. Директор байланысқа шықпайды.

"Аталған факт сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіліміне тіркелді. ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы, 3-тармағына сай, яғни "Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Туристік агенттік директоры алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы шет мемлекеттерге жолдама сату сылтауымен 18 адамның ақшалай қаражатын иеленген. Осылайша  аталған адамдардың бүгінгі таңдағы материалдық шығыны жалпы алғанда 13 860 569 теңгені құрап отыр", - деді Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу