Туристік аймақта алғаш рет интернет желісі пайда болды

1071

Баянауылдағы Торайғыр ауылында арнайы станция салынды. 

Туристік аймақта алғаш рет интернет желісі пайда болды

Павлодар облысындағы Торайғыр көлі – туристер жиі жиналатын демалыс орындарының бірі. Алайда бұған дейін көлдің аумағында да, осы аттас ауылда да интернет желісі болған емес, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Сәкен Шаяхметов әкімдік пен ERG компаниясы бірігіп, Торайғыр ауылында интернет желісінің мұнарасын орнатқанын әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазды.

"Қазір мен бұған дейін ғаламтор желісі мүлде болмаған Торайғыр ауылынан тікелей эфирге шығып тұрмын. Бұл елді мекен туристік бағытта жақсы дамып келеді. Өткен жылы жол салып, бірегей көлдің жағалауын абаттандырдық. Меценеттардың көмегімен Әулиебұлақ бұлағының маңы да көріктендірілді. Бүгін интернетке қатысты мәселе шешілді", – деді Сәкен Шаяхметов.

Қазіргі уақытта станция тесттік режимде іске қосылды. Егер қандай да бір ақаулар туындаса, мердігер компания олқылықты тез арада жоюға міндеттеледі.

Осылайша, Торайғырда "Beeline" компаниясының желісі пайда болды. Алдағы уақытта басқа байланыс операторларымен де келіссөздер жүргізілуі мүмкін.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу