Бүгінде шаһарда туристерге қолайлы жағдай жасау үшін барлық мүмкіндік қарастырылған. 2023 жылдың І-тоқсан қорытындысы бойынша қаладағы орналастыру орындарының саны - 57 бірлікті құраған.
Ал, демалыс нөмірлерінің саны – 1199 болса, төсек-орын саны – 2557 бірлікке көбейген, деп жазады inbusiness.kz Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Одан бөлек, жыл соңына дейін қалада 5 жұлдызды "Medina palace" қонақ үйі мен "Мұз айдыны" спорт кешені қолданысқа беріліп, туристерге арналған демалыс орны арта түспек.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу