Туристік маусымда бірқатар субсидияланған ішкі рейстер ашылады

788

Туристік маусымда бірқатар субсидияланған ішкі рейстер ашылады

Ішкі туризмді және Қазақстанның курорттық аймақтарына көлік қатынасын дамыту мақсатында биыл бірқатар ішкі маршруттар ашылды. Атап айтқанда, жазғы кезеңде Астана мен Алматыдан Балқашқа, Үшарал мен Үржарға тұрақты әуе рейстері орындалады, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Балқаш көліне "Южное небо" әуе компаниясы Астана – Балқаш бағыты бойынша 9 000 теңгелік тарифпен (2018 жылдың 29 мамырынан бастап), ал Алматы – Балқаш бағыты бойынша 14 000 теңгелік тарифпен (15 мамырдан бастап) ұшатын болады. Сонымен қатар, осы әуе компания Шығыс Қазақстан облысы жағындағы Алакөл жағалауына Астана – Үржар бағыты бойынша 19 500 теңгелік тарифпен (16 мамырдан бастап) және Алматы – Үржар бағыты бойынша 16 000 теңгелік тарифпен (16 мамырдан бастап) рейстерді орындайды. 
2018 жылғы 1 маусымнан бастап, "Жетісу" әуе компаниясы Алакөлдің Алматы облысындағы жағалауына Астана – Үшарал бағыты бойынша 16 000 теңгелік тарифпен ұшатын болады. Ал 27 мамырдан бастап, Алматы – Үшарал тұрақты рейсін 9 000 теңгелік тарифпен "Scat" әуе компаниясы орындайтын болады. 
Рейстердің нақты уақытын әуе компаниялары мен әуежайлардан анықтауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу