Туристік орындар қоқыстан тазартылды

253

Қазір облыста экологиялық бағытта 4 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.  

Туристік орындар қоқыстан тазартылды Фото: Жаңалықтар порталы

"Таза Қазақстан" акциясы басталғалы Түркістан облысында 2 жарым мыңнан астам білім беру ұйымында, оның ішінде 1400 балабақша, 1052 мектеп және 50 колледжде 3 жарым мыңға жуық іс-шара өткен.

Мәселен, акция аясында медициналық нысандардың аумағында 10 мың 957 түп ағаш егіліп, 61 мың 842 ағаш түптеріне әктеу жұмыстары жүргізілді. Қожа-Ахмет Яссауи, Үкаш-ата, Домалақ ана кесенелері, Арыс, Шаммат Ишан, Ерубаев музейлері және Отырар қалашығы сынды туристік нысандарда санитарлық тазалау жұмыстары ұйымдастырылған. Олар жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін қалыптастыруды мақсат етіп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу