Туристік орындарда ұялы байланыс болуы үшін қыруар қаржы керек – Мусин

1035

Туристер баратын ұлттық саябақтар мен шалғай аймақтарда ұялы байланыс болуы үшін қыруар қаржы керек, деп хабарлайды Аtameken Business.      

Туристік орындарда ұялы байланыс болуы үшін қыруар қаржы керек – Мусин

Бағдат Мусин бүгін осылай деді. Цифрлық даму министрінің сөзінше,  алыс жерлерге сигнал тарату қазынаға біршама салмақ түсіреді. Қазір байланыс мұнаралары мен құрылғаларды орнатуға қажетті қаржы есептеліп жатыр. Шалғай өңірлерде немесе тау-далаларда сигнал болуы үшін энергетикалық кабель жүргізу керек екен. Ал бұл оңай шаруа емес дейді Мусин. Туристік жерлер былай тұрсын, жауапты министрлік бүгінде 1200 ауылды сапалы интернетпен қамти алмай отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу