Туристік полиция 819 шетел азаматына көмек көрсетті

974

Еліміздің 10 өңірінде шетелдіктердің жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін туристік полиция жұмыс істейді. Оларға туристік нысандардың аумағын патрульдеу мен түрлі жағдайда туристердің қажетіне жарау міндеті жүктелген. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Туристік полиция 819 шетел азаматына көмек көрсетті

"Туристік полиция туристік нысан аумағындағы азаматтардың өмірін, денсаулығын, мүлкін, құқығы мен бостандығын қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғайды. Туристерге қарсы әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау және оның жолын кесу, қылмыскерлерді ізін суытпай ұстау шарасын қабылдау да туристік полицияның міндеті", – деді министр. 

Оның айтуынша, туристік полиция қатарында 159 полиция қызметкері жұмыс істейді. Олар 28 туристік нысанға қызмет көрсетеді.

"Жыл басынан бері туристік полиция қызметкерлеріне түрлі мәселе бойынша 819 шетел азаматы жүгінді", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу