Туризм: 2019-2021 жылдары қонақ үй салуға мол қаражат бөлінген

1431

2021 жылдың басынан бері жалпы сомасы 226 млрд теңге болатын 102 нысан іске қосылды.

Туризм: 2019-2021 жылдары қонақ үй салуға мол қаражат бөлінген

Мұны Мәжілісте өткен үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

"2019-2021 жылдарда жүзеге асырылған ең ірі жобалардан: Түркістандағы "Керуен-Сарай" кешенін (құны 88 млрд теңге), "Rixos Turkistan" және "Hampton by Hilton" қонақ үйлерін (екі қонақ үй де 120 нөмірлік), Ақтау қаласындағы "Rixos Water World Aktau" кешенін (67 млрд теңге, 500 нөмір) және "Tetys Blu" паркін (47,7 млрд теңге), Нұр-Сұлтан қаласындағы "Sheraton" қонақ үйін (191 нөмір), Бурабай-Щучинск курорттық аймағындағы "Байтас" қонақ үйін, сондай-ақ, "Swissotel Almaty" (38,5 млрд теңге), "Alazone Arena" (Алакөл, ШҚО) және басқа да көптеген жобаларды атап өтуге болады", – дейді министр.

Оның айтуынша, дестинациясы ең жоғары 10 өңірде 2019-2021 жылдары жалпы сомасы 395,5 млрд теңге болатын 276 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. Инвестициясының жалпы көлемі 1,5 трлн теңгені құрайтын 145 жобаны жүзеге асыру жалғасып жатыр. 

Министр бұл жобалардың арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болып жатқанын қайта-қайта айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу