Туризм бойынша жаһандық тізімде Қазақстан 14 орынға көтерілді

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында Асхат Оралов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Туризм бойынша жаһандық тізімде Қазақстан 14 орынға көтерілді Фото: tengrinews.kz

"Дүниежүзілік экономикалық форумның нұсқасы бойынша Туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 14 орынға көтерілді. Егер 2019 жылы Қазақстан 80-ші орында тұрса, 2021 жылдың қорытындысы бойынша ел көрсеткіштері жақсарып, 66-шы орынға жайғасты", – деп атап өтті министр.

Сонымен қатар ведомство басшысы жекелеген көрсеткіштерге тоқталды.

"Жекелеген субиндекстер бойынша Қазақстан жалпы рейтингте жоғары әлеуетке ие. Мысалы, баға бәсекеге қабілеттілігі бойынша еліміз 1 – орынды, Халықаралық келу маусымдылығы бойынша – 26, мәдени көрікті жерлерге қызығушылық бойынша – 37 - орында", - деп толықтырды Асхат Оралов.

Еске сала кетсек, ДЭФ Саяхат және туризмді дамытудың жаһандық индексі екі жылда бір рет жарияланады. Индекс елдерді 100 -ден астам жеке бейіндік көрсеткіштер бойынша бағалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу