Туризм министрлігі сапарға шығатын қазақстандықтарды сақ болуға шақырды

220

Еліміздің Туризм және спорт министрлігі туристерден сапарларын мұқият жоспарлауды, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағына барғалы отырған отандастарымызға үндеу жолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Туризм министрлігі сапарға шығатын қазақстандықтарды сақ болуға шақырды Фото: canva

Азаматтық авиация комитетінің Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты хабарламасына сәйкес, Иран, Израиль, Сирия, Ирак, Иордания және Ливан аумағында, әуе кеңістігінде және оған жақын аймақтарда ұшуға толық тыйым салынды. Бұл шектеу арнайы бұйрық шыққанға дейін күшінде болады.

Нұсқаулық отандық әуе тасымалдаушылардың барлық тұрақты және тұрақсыз жолаушылар, жүк, сондай-ақ техникалық рейстеріне қатысты болып отыр.

"Осыған байланысты туристерден жағдайды жіті қадағалап, сапарларын, әсіресе БАӘ мен Парсы шығанағы елдеріне баруды мұқият жоспарлауды сұраймыз. Аталған өңірдегі ахуал өзгерген жағдайда, Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің авиациялық қауіпсіздік департаменті қосымша ақпарат ұсынады", – делінген хабарламада.

Туризм және спорт министрлігі жағдайды жіті бақылауда ұстап, жауапты мемлекеттік органдар, елшіліктер және туроператорлармен тұрақты байланысып отырғанын атап өтті.

Қажет болған жағдайда министрлік Туристік Қамқормен және әуекомпаниялармен бірлесіп туристерді елге қайтарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу