Бұл туралы Туризм және спорт министрлігіне қарасты Ойын бизнесі және лотереяны реттеу комитетінің өкілі Асылбек Мұстафаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасап.
Асылбек Мұстафаевтың айтуынша, блогердің курсы бақылау мақсатында сатып алынған.
"Онда бірнеше курс, бірнеше платформа, маркетплейстер бойынша оқыту болады деп ұсынылған. Шын мәнінде, тек Taobao бойынша ғана болды және ол жерде бір рет қана ұсынылған", – деді Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің өкілі.
Айта кету керек, бұған дейін блогер Жанабыловтың ісі бойынша келесі сот отырысы 15 қыркүйекте өтетінін жазғанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу