Туризм саласына 454,5 млрд теңге инвестиция салынбақ

1268

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының хабарлауынша биыл отандық туризм нарығына қомақты қаржы бөлінбек.  

Туризм саласына 454,5 млрд теңге инвестиция салынбақ

Оның ішінде 57 инвестициялық жоба бар. Олардың жалпы құны 454,5 млрд теңге. Бұл сома қонақ үйлер, демалыс аймақтары, емдеу кешендерінің құрылысына жұмсалмақ. Нәттжесінде 5 мыңға жуық жұмыс орны құрылады. Бұдан өзге 10 туристік бағытты дамытуға инвесторлар тарту жұмыстары жүргізілуде. Ұлттық компания эпидемиялогиялық ахуал тұрақталған соң ішкі туризм дамиды деген болжам жасап отыр. 

Оның ішінде агрутуризм, экотуртзм жоғары сұранысқа ие. Атап айтсақ, Ақмола мен Алматы облыстарындағы нысандар бар.

"Сонымен қатар медициналық сауықтыру, оңалту бағытындағы сапарлар дамиды. Бұл бағыт бойынша Щучинск-Бурабай курорты, еліміздің оңтүстігіндегі, Алматы облысындағы нысандарға сұраныс арта түспек", – деді компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу