Туризм саласына жаңа серпін беретін ұлттық компания құрылды

815

Туризм саласына жаңа серпін беретін ұлттық компания құрылды

Елімізде туризм саласына жаңа серпін беретін компания құрылды. "Қазақ туризм" деп аталатын акционерлік қоғамы инвестиция тартумен де айналысатын болады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді.

Ведомство басшысының айтуынша, алғашқы жылы, компания қызметкерлеріне, жалақы, мемлекеттік бюджет есебінен беріледі. Одан кейін, өзін-өзі қаржыландыруға көшетін болады. Компанияның арқасында өңірлердің ерекшелігін ескере отырып, сакралды, экологиялық, аңшылық, мәдени-танымдық, спорттық сияқты туризм түрлерін дамытуға баса назар аударылмақ. Дамыған барлық мемлекеттерде осындай мамандандырылған туристік компаниялар жұмыс істейді деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу