Туризм саласындағы тұңғыш ұлттық жүлде жеңімпаздары марапатталды

1461

Туризм саласындағы тұңғыш ұлттық жүлде жеңімпаздары марапатталды

Астанада ҚР мәдениет және спорт министрлігінің және "ҚазақТуризм" ұлттық компаниясының қолдауымен National Tourism Awards туризм саласындағы тұңғыш ұлттық жүлде жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты – туритстік саланың лидерлерін біріктіру, кәсібилілік және салауатты бәсекені арттыруға ықпал ету, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді кеңейту арқылы отандық туризмді дамытуды ынталандыру.

Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен аралас салалар мен туристік индустрияның өкілдері қатысты. Ұйымдастырушылар конкурсты екі кезеңге бөлген. Бірінші турда қарсыластарды арнайы құрылған сарапшылар кеңесі іріктеп алса, ал екінші турда жеңімпаздар онлайн-дауыс беру арқылы анықталды.   

Тағайындалған 17 премияның ішінен Астананың бизнес-құрылымы 7 негізгі премияны жеңіп алды. Атап айтқанда: қонақ үй ісі саласында "Үздік бизнес отель" – "СААД - ОТЕЛЬ" ЖШС ( Marriot Astana), "Туристерге арналған үздік отель"  – Hilton Garden Inn Astana, "Үздік аймақтық отель"  – "Жұмбақтас" отелі, "Үздік хостел" – Triumph Astana Hostel, "Үздік туристік  компания" – "Sky Way LTD" ЖШС және де туристік жобаларды дамытуға арналған инновациялық алаң - "Жыл жобасы"  – City Pass Kazakhstan" және "Туризм бойынша үздік ТВ жоба" – Outdoor.kz атанды.

Айта кетейік, "Жылдың үздік жобасы" номинациясы премиясын алған Сity Pass Kazakhstan Астанада іске қосылып, Қазақстанның басқа қалаларында да сәтті түрде жүзеге асырылып жатыр. Бұл компанияны жеңісімен Астана қаласы инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров құттықтап, бір ай бойы қаладағы жарнамалық құрылғыға өзінің брендін жариялауға құқық беретін сертификатты табыс етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу