Туризм саласындағы Ұлттық сыйлыққа өтініш қабылдау басталады

902

Байқауға туркомпаниялар, демалыс аймақтары мен шипажайлар, балалар лагерьлері мен туризм саласындағы өзге де ұйымдар қатыса алады.

Туризм саласындағы Ұлттық сыйлыққа өтініш қабылдау басталады

Туризм саласындағы екінші Ұлттық сыйлыққа өтініштер қабылдау қазанның бірінде басталады, деп хабарлайды 24.kz.

Байқауға туркомпаниялар, демалыс аймақтары мен шипажайлар, балалар лагерьлері мен туризм саласындағы өзге де ұйымдар қатыса алады. Бұл шара ішкі туризмнің дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлерді ынталандырып, қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.

"Тәуелсіздік таңы атқан тұста туроператорлардың дені қазақстандықтарды шетелге демалуға жіберетін. Ол кезде бұл заңды құбылыс болған. Шекара ашылғаннан кейін жерлестеріміз жырақтағы өмірмен танысқысы келді. Алайда мұндай компаниялардың арасында шетелдік туристерді Қазақстанға тартумен айналысқандар да болды. Қазір олардың саны артып келеді. Осылайша отандық туризмнің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқандардың еңбегін енді елеу керек",– дейді "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Тимур Дүйсенғалиев.

Байқауға қатысу үшін өтініштерді қабылдау қазанның бірі басталады. Ұлттық сыйлықты алуға үмітті туркомпаниялар, демалыс аймақтары мен шипайжалар, балалар лагерьлері мен туризм саласында жұмыс істейтін басқа да ұйымдар 10 номинация бойынша бақ сынасады. 

Марапаттау рәсімі Елордада желтоқсанның жетісіне белгіленген. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау бизнесмендерді ынталандырып, ішкі туризмнің дамуы һәм қызмет көрсету сапасының артуына қарқын бермек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу