Туризм және спорт министрлігінің қызмет бағыты өзгере ме?

582

Осыған қатысты қаулы жобасы көпшілік талқысына ұсынылды. 

Туризм және спорт министрлігінің қызмет бағыты өзгере ме?

 Жаңадан құрылатын Туризм және спорт министрлігінің қызмет бағыты мен ережелерін бекітуді көздейтін Үкімет қаулысы жарияланды. Құжат 18 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады. 

"ҚР Туризм және спорт министрлігі дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган саналады", - деп басталады қаулы жобасы.

Оған сәйкес министрліктің құрамына мына ведомстволар енеді:
1. Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
2. Туризм индустриясы комитеті.
Сонымен қатар Туризм және спорт министрлігінің қызмет бағыттары айқындалған:
- дене шынықтыру және спорт;
- ойын бизнесі;
- лотереялар және лотерея қызметі;
- туристік қызмет, туризм және туристік индустрия.
Министрліктің және оған бағынысты ведомстволардың қарамағына мына ұйымдар кіреді:
- Республикалық спорт колледжі;
- Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы;
- Спортты дамыту дирекциясы;
- Спортшылардың допингке қарсы зертханасы;
- Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы;
- Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы;
- Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы;
- "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы;
- "Астана" олимпиадалық даярлау орталығы;
- "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі;
- Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы;
- Допингке қарсы ұлттық орталық;
- "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығы;
- "Қазспортинвест" АҚ;
- Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы.

Еске сала кетсек, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен 5 жаңа министрлік құрылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу