Туризмді дамыту үшін Байқоңырмен әуе қатынасы орнатылады

228

Қазақстан мен Ресейдің бірқатар қалалары Байқоңыр қаласымен тұрақты әуе қатынасын орнатады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризмді дамыту үшін Байқоңырмен әуе қатынасы орнатылады Фото: canva.com

Тұрақты әуе қатынасы космодромға туристерді көбірек тартатыны атап өтіледі. Осыған орай қазақстандық делегация Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Владимир Потешкинмен кездесу өткізді.

"Нәтижесінде әуе қатынасын құру туралы келісімге қол жеткізілді", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Жалпы еліміз халықаралық бағыттарды ашу және қолданыстағы бағыттар бойынша, оның ішінде шетелдік әуе компаниялар бойынша рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жалғастыруда.

Соңғы қол жеткізілген келісімдерге сәйкес, 4 елмен (Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Руанда) рұқсат етілген жиіліктер саны 5 еседен астам ұлғайтылды (аптасына 14-тен 73 рейске дейін). Сондай-ақ, 5 елмен (Сингапур, Вьетнам, Марокко, Эфиопия, Грузия) "ашық аспан" режимі орнатылды, оның ішінде тасымалдаушыларға "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығы берілді. Сонымен қатар, келіссөздер барысында Ұлыбританияға рейстерді орындау құқықтары бекітілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу