Үкімет туризм саласын дамытудың жаңартылған тұжырымдамасын бекітті. Еліміздің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдегендей жоба 2017-2019-шы және 2020-2023-ші жылдары аралығында екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ. Министрдің айтуынша тұжырымдамада саланың басты бағыттарына, атар болсақ, мәдени-танымдық және этнографилық туризм, медициналық және автотуризм, аңшылық және тау спорты саласына басымдық көрсетілген. 2023 жылға дейін ел бойынша саяхатшылар сапарлайтын 500 нысанды өңдеу-жаңарту жоспарланған. Жалпы өткен жылы елімізге 6,5 млн шетелдік саяхаттаған екен. Ал елдегі туризм саласының кенжелеп жатуына себеп көп дейді министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу