Туризмнен түскен табыс 80 пайызға қысқаруы мүмкін

1262

Бұл салаға жауапты комитет жүргізген сараптама нәтижесі.

Туризмнен түскен табыс 80 пайызға қысқаруы мүмкін

Карантин салдарынан туризмнен түскен табыс 80 пайызға қысқаруы мүмкін, деп хабарлайды Atameken Business.

Былтыр аталмыш сектор 2,5 млрд доллар пайда тапқан. Алайда жыл басынан шығынға батқан компаниялар қазір жаппай жабылу алдында тұр. Сондықтан, билік бірқатар жеңілдіктер ұсынып отыр. Мәселен, туристік нысандарды салу не қайта жөндеу жұмыстарына кеткен қаржының 10 пайызын мемлекет субсидиялайды.

Тау шаңғы базасына қажетті жабдықтардың 25 пайызы бюджет есебінен алынбақ. Сондай-ақ, жол бойы сервисі мен жолаушылар тасымалына қажетті көлік құралдарына да жеңілдіктер қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу