Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған меморандум тараптарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі интеграциясын қалыптастырудағы және дамытудағы рөлін зерделеу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Берікбайұлы Түркі академиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, Академия басшысының арнайы келуіне ризашылығын білдірді.
Өз кезегінде Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі: "Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы болып саналатын Нұрсұлтан Назарбаев идеяларын жүзеге асыру Түркі академиясының да маңызды мақсаты. Сондықтан бұл бағытта Елбасы кітапханасы біздің сенімді серіктесіміз бола алатыны сөзсіз" деді.
Меморандумға салтанатты қол қою рәсімінен соң Дархан Қыдырәлі Түркі академиясы әр жылдарда шығарған 70 ғылыми еңбекті Елбасы кітапханасы қорына сыйға тартты.