Түркі әлемі журналистер федерациясының мұрындық болуымен биыл екінші рет түркі әлемі деректі фильм фестивалі және байқауы өтіп жатыр.
Бұл шара 27-30 қыркүйекте Стамбұл қаласында гала-концертпен сондай-ақ марапаттау рәсімімен қорытындыланады.
Таяуда Стамбұл қаласында байқау-фестивальдың таныстырылымы өтті.
Шараға БАҚ өкілдері, мәдениет қайраткерлері және ҮЕҰ мүшелері қатысты. Фестиваль-байқаудың жетекшісі Мендерес Демір аталмыш шара 7 мемлекет пен 8 қалада өткізілетін айтты. Оның сөзінше, іс барысында көрермендер түркі әлемінің түрлі мәдени шараларына куә болады.
Мендерес Демірдің мәлімдеуінше, байқауға туынды қабылдау 17-ші сәуірде басталған.
"Үміткерлердің 18- ші тамызға дейін уақыты бар. Осы уақыт аралығында қабылдау жұмысы үздіксіз жүреді. Өткен жылдан ерекшелігі, биылғы байқау 2 санатқа бөлінген. Яғни кәсіби мамандар мен студенттердің еңбектері жеке-дара қаралады ", – деді фестиваль-байқаудың жетекшісі.
Сөз арасында Мендерес Демір фестивальға қолдау көрсетіп отырған Анадолы Агенттігі мен басқа да ұйымдарға алғыс білдірді.