Аталған жиында "Ленкорань – Түркі әлемінің жастар астанасы" атты халықаралық бағдарламаның жабылу салтанаты өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, іс-шараға ТМҰ-ға мүше елдердің жастар делегациялары қатысты.
Жиын аясында кәмелетке толмағандарға арналған волонтерлерді оқыту бағдарламасы мен ТМҰ үлгісін құру жөніндегі конференция ұйымдастырылды.
Айта кетейік, бұған дейін Будапештте өткен ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Алматы қаласы Түркі әлемінің жастар астанасы болатынын мәлімдеген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу