Түркі әлемінің жастары қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады

981

Түркі әлемі жастар кеңесі 2022 жылы наурыз айында Түркі әлемі парламенттер қоры жанынан құрылды. Негізгі мақсаты түркі әлемінің жастарын біріктіріп, болашақты бірге құруды мақсат етеді. 

Түркі әлемінің жастары қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтады Фото: inform.kz

Түркі әлемі жастар кеңесі тарапынан Түркі әлемі саясат және көшбасшылық академиясы ұйымдастырылған. Осында білім алып жатқан студенттер қазақстандықтарды бірлік күнімен құттықтайды, деп жазады inbusiness.kz

Рамазан Изол, Түркі әлемі жастар кеңесінің төрағасы

Қазақстан – бізге бауырлас ел. Бауырларымыз бірлік пен ынтымақта бақытты ғұмыр кешсін. Сол кезде біздің де жүрегіміз тыныш. Себебі бауырлас елдер бір-біріне тек жақсылық тілейді. Қазақстан халқын бірлік күнімен құттықтаймын. Қазақстанның бүгінге дейін жеткен жетістігі татулық пен ынтымақтың арқасында деп білемін. Осы бірлік әрқашан жалғасын тапсын. Түркі мемлекеттері ұйымының да бірлігі артып, нығая берсін. Біз біріксек, ұлы күшке айналамыз.  

Райхан Оморбек, Қырғызстан

"Қырғыз-Қазақ бір туған", сондықтан біз үшін ең жақын ел Қазақстанды бірлік күнімен құттықтаймын. Студенттік жылдарда Қазақстаннан келген түрлі ұлт өкілімен таныстым. Солар арқылы Қазақстандағы тұрақтылық пен ынтымақтың тамыры тереңге жайылғанын білдім. Қазақ халқы әрқашан бірліктің бесігінде тербелсін деймін.  

Шүкір Вазех, Әзірбайжан

Каспий теңізінің арғы жағындағы қазақ бауырларымыздың жері қандай үлкен болса, жүрегі де сондай кең. Әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдерін бір шаңырақ астында жинап, татулықтың үлгісін көрсетіп отыр емес пе? Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы байланыс та мығым болсын деген тілек бар. Жалпы, түркі мемлекеттері арасындағы бірлік, ынтымақ та арта берсін.

Зиода Тожибоева, Өзбекстан

Өзбек халқының атынан Қазақстан халқын бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақ достарымнан осы меркенің қаншалықты маңызды екенін естідім. Бірлік пен ынтымақ бар жерде алынбайтын қамал жоқ қой. Сондықтан Қазақстан басқа елдерге үлгі болып, биік белестерді бағындыра берсін. 

Абдуллах Аллахберді, Түрікменстан

Барлық Түрікмен жастары атынан бауырлас ел Қазақстанды бірлік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан 100-ден астам ұлттың өкілін бауырына басқан ел. Олар тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Мен әрдайым бұған қызыға қараймын. Сондықтан Қазақстандағы бірлік, ынтымақ әрдайым жасай берсін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу