Ташкентте түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтарының басшылары кездесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Кездесуге Әзірбайжан, Венгрия, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан футбол ұйымдарының басшылары қатысты. Жиын барысында бірлескен халықаралық әрі ұлттық жарыстар ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.
Кездесуге Азия футбол конфедерациясы мен Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының (УЕФА) өкілдері де қатысты.
Сонымен қатар, қатысушылар футболды дамыту және танымал ету мәселелеріне тоқталды.
Атап айтсақ, футбол мамандарын, жаттықтырушыларды, төрешілерді даярлау және тәжірибе алмасу, футбол қауымдастықтары арасында жан-жақты ынтымақтастық орнату мәселелеріне де назар аударылды.
Кездесу ФИФА-ның қолдауымен және қатысуымен өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу