Түркі елдерінің басшылары Шушада бас қосады

236

Кездесуді өткізуге Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев бастама білдірген.  

Түркі елдерінің басшылары Шушада бас қосады Фото: Mihail Voskresenskiy

5-6 шілде күндері Әзербайжанның Шуша қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Саммит жұмысына Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан басшылары қатысады. Бұдан бөлек байқаушы елдердің басшылары мен Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев қатысады деп күтіліп отыр.

Бейресми саммит "Көлік байланысы және климаттың өзгеруімен күресу арқылы тұрақты болашақты құру" тақырыбына арналған. Кездесу қорытындысы бойынша Қарабақ декларациясына, сонымен қатар басқа да бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу