Түркі елдерінің ортақ әліпбиі бекітілді

2594

Түркі елдерінің ортақ әліпбиін жасау идеясын Түркия президенті Ердоған ұсынған еді.

Түркі елдерінің ортақ әліпбиі бекітілді Фото: ankasam.org

Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясы 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиін бекіту туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі TRT телеарнасына сілтеме жасап.

Бас кеңсесі Астанада орналасқан Түркі академиясы 9-11 қыркүйекте Әзірбайжанның астанасы Бакуде Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 3-отырысы өткенін мәлімдеді.

"Отырыстың басты мақсаты – осы салада жиналған ақпараттар мен комиссияның 2 жылдық жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби жобасы бойынша жұмысты пысықтау болды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі туралы ұсыныс бойынша келісімге қол жеткізілді", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу