Түркі елдерінің ортақ кітапханасы құрылуы мүмкін

156

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ортақ мәдени мұраны сақтау және насихаттау мақсатында түркі халықтарының кітапханасын құруды ұсынды. 

Түркі елдерінің ортақ кітапханасы құрылуы мүмкін Фото: саnva.com

Бұл туралы ол бүгін Бішкекте өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) саммитінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жапаровтың айтуынша, бұл жоба түркі әлемі бірлігінің символы әрі мәдени ынтымақтастығының алаңына айналады.

"Түркі халықтарының кітапханасы халықтарымыздың бірлік сезімін оятып, мәдени байланыстарды байытып, ынтымақтастықты нығайта түсетініне сенімдіміз. ТМҰ-ны қолдау мәдени ынтымақтастық үшін берік негіз жасап, білім беру және мәдени іс-шараларды өткізуге мүмкіндіктер ашады", – деді Қырғызстан басшысы.

Ол түркі институттары қазірдің өзінде көптеген мемлекетаралық және ұлттық жобалар мен іс-шараларды жүзеге асырып жатқанын айта келе, Қырғызстан астанасындағы Алықұл Осмонов мұражай-үйін қалпына келтіру және мұражайландыру жобасын жүзеге асырғаны үшін Түркі мәдениеті мен мұрасы қорына алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу