Жиын барысында ТМҰ-ға мүше елдер Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.
Мұхтар Тілеуберді қазіргі геосаяси ахуал күрделене түскен кезеңде түркі мемлекеттерінің өзара қолдауы мен бірлескен іс-қимылының маңызы артып отырғанын атап өтті.
Кездесуде Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту бағыттары талқыланды. Сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды.
Тараптар ұйым аясындағы практикалық ынтымақтастықты күшейтуге және түркі елдерінің ортақ мүддесіне сай бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін растады.