Түркі инвестициялық қоры құрылады

726

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қойылды. 

Түркі инвестициялық қоры құрылады Фото: gov.kz

Бұл Келісім түркі мемлекеттерінің экономикасы үшін қолайлы қаржылық жағдай жасауға мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, инвестициялық қор аймақішілік сауданы кеңейту және ТМҰ елдерінің экономикалық қызметін қолдау арқылы экономиканы дамытуды көздейді.

"Экономикалық ынтымақтастықты одан әрі жетілдірудің басым бағыттары құрылып отырған Қордың келісім жобасына енгізілген. Бұл аймақішілік сауданы дамыту, ШОБ (шағын және орта бизнес) жобаларын қаржыландыру, көліктік-логистикалық тізбектерді кеңейту, өнеркәсіптік өндіріс, инфрақұрылым, көлік, ауыл шаруашылығы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жасыл экономика, туризм және т.б. дамыту", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу