Түркі кеңесі "Түркі мемлекеттері ұйымы" болып өзгертілді

1552

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің атауы "Түркі мемлекеттері ұйымына" болып өзгертілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Түркі кеңесі "Түркі мемлекеттері ұйымы" болып өзгертілді

"Бұл ұйымның атауын өзгерту ғана емес. Өзгерістер іс жүзінде де болуы тиіс. Елдеріміз ынтымақтастық пен өңірлік процестерге қатысты мәселелерде "Түркі мемлекеттері ұйымы" құралдарын неғұрлым белсенді пайдалануы тиіс", – деді Ердоған.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы жолындағы кедергілерді жоюға үндеді. Сонымен қатар климаттың өзгеруіне қатысты мәлімдеме жасады.

"Түркияның Түркі кеңесіне төрағалығы кезеңінде біз климаттың өзгеруіне қарсы күресте көпжақты ынтымақтастықты дамытуға күш саламыз", – деді Түркия басшысы.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу