Түркі кеңесінің саммитіне дайындық барысы талқыланды

905

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) Бас хатшысы Бағдад Әміреевпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.  

Түркі кеңесінің саммитіне дайындық барысы талқыланды

Кездесу барысында Түркі кеңесінің күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылып, оның 2021 жылы Түркістанда өтуі жоспарланған бейресми саммитіне дайындық жұмыстары талқыланды.

Түркі кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылды. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұл қаласында орналасқан. Ұйымның мүшелері Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, ал Мажарстан бақылаушы мәртебесіне ие.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу