Түркі мемлекеттері арасында Түркия Қазақстанға ең көп инвестиция құйған

477

Түрік инвестициялары негізінен экономиканың сауда және қонақ үй секторларында берілген.   

Түркі мемлекеттері арасында Түркия Қазақстанға ең көп инвестиция құйған Фото: gov.kz

2005 жылдан бастап 2022 жылдың 3 тоқсанына дейін Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінен Қазақстанға түскен тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 4,8 млрд долларды құраса, оның 95%-ы Түркиядан түскен, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылы Түркі мемлекеттері ұйымы елдерінен тікелей шетелдік инвестициялар көлемі жылдық ең жоғары көрсеткішке, яғни 703,3 млн долларға жетті. Ал 2022 жылдың 3 тоқсаны нәтижесі бойынша бұл көрсеткіш 347,7 млн долларды құрады", - делінген ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Түрік инвестициялары негізінен экономиканың сауда және қонақ үй секторларында ұсынылғанын айта кеткен жөн. Сондықтан Түрік инвесторлары еліміздегі қонақ үй бизнесінде БАӘ-ден кейінгі екінші орында тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу