Түркі мемлекеттері арасында жеңілдетілген кеден дәлізі құрылады

203

Келісім шеңберінде "жеңілдетілген кеден дəлізі" жəне "сауда операторлары" сияқты ұғымдар енгізіледі.

Түркі мемлекеттері арасында жеңілдетілген кеден дәлізі құрылады Фото: inbusiness.kz

Бүгін Сенат отырысында "Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы 2022 жылғы 11 қарашада қол қойылған жеңілдетілген кеден дəлізін құру туралы келісім" ратификацияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жеңілдетілген кеден дəлізі дегеніміз – мемлекеттер арасындағы саудада тасымалданатын тауарлар туралы алдын ала ақпарат алмасуға бағытталған электрондық жүйе. Ал сауда операторлары - жеңілдетілген дəлізге қатысатын тауарлар мен көлік құралдары туралы сенімді ақпарат беретін тұлғалар.

Жеңілдетілген кеден дəлізі сауда операторларына сыртқы сауда операцияларын жеделдетуге жəне арзандатуға ықпал ететін бірқатар артықшылықтар ұсынады.

"Кедендік ресімдеу шаралары жекелеген қозғалыс жолақтарын пайдалана отырып, оңтайландырылатын болады, бұл ресімдеу уақыттың одан əрі қысқаруына септігін тигізеді деп күтілуде.

Кедендік тексеру - кеден заңнамасын бұзу қаупі анықталған жағдайларда ғана жүргізіледі, бұл шара себепсіз тоқтап қалу мен болжамды шығындардың қысқаруын тежейді", – деді сенатор Бекбол Орынбасаров. 

Келісім бүгін ратификацияланды, енді алты айлық пилоттық жоба жүргізіледі. Осы уақыт ішінде қатысушы мемлекеттердің кеден құрылымдары жаңа жүйенің барлық техникалық, əкімшілік жəне заңдық аспектілерін толық пысықтайды. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін ғана жүйе толық күшімен жұмыс істей бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу