Түркі мемлекеттері ұйымы Әзербайжанға Лачиннің қайтарылғанын қолдайды

477

ТМҰ Әзербайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастың қалыпқа келгенін қолдайтынын жариялады.

Түркі мемлекеттері ұйымы Әзербайжанға Лачиннің қайтарылғанын қолдайды

Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығы 2020 жылғы 9-10 қарашадағы үшжақты мәлімдеме бойынша Лачин қаласы мен Забух және Сус ауылдарының Әзербайжанға қайтарылғанын қолдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz ұйымның Бас хатшысы Бағдад Әміреевтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ұйым бауырлас Әзербайжанның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қолдайтынын тағы да қайталайды және Әзербайжанға қайтарылған жерлердегі қалпына келтіру жұмыстарына атсалысуға дайын", – деп жазылған хабарламада.

Түркі мемлекеттері ұйымы Оңтүстік Кавказдағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа және азат етілген аумақтарға мәжбүрлі қоныс аударғандарды қайтаруға бағытталған дипломатиялық шаралардың маңызды екенін мәлімдеді.

ТМҰ Әзербайжан мен Армения арасындағы қарым-қатынастың қалыпқа келгенін қолдайтынын жариялады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу