Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің негізгі тақырыбы жер сілкінісі болмақ

744

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің негізгі күн тәртібі осы жылдың ақпан айында Түркияда болған жойқын зілзалаға қатысты болады. 

Түркі мемлекеттері ұйымы саммитінің негізгі тақырыбы жер сілкінісі болмақ Фото: img6.eadaily.com

Бұл туралы TRT Haber телеарнасынасы хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

Агенттік хабарлағандай, саммит Анкараның Бештепе ауданындағы президенттік кешенде өтеді.

"Саммиттің басты тақырыбы Түркиядағы табиғи апаттар мен Ұйымға қатысушы елдер қабылдайтын одан әрі бірлескен қадамдар болады", - делінген хабарламада.

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммиті Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Түркияның қатысуымен өтеді.

Байқаушы елдер ретінде шараға Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Түрікменстан және Венгрия қатысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу