Бұл туралы ұйымның Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев Бішкекте өткен ТМҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік кеңесі хатшыларының төртінші кездесуі қорытындысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, ТМҰ – түркі әлемінің мыңжылдық тарихы, мәдениеті мен мұрасына негізделген бірегей ұйым.
– Ұйым аясында сыртқы саясат, сауда, экономика, ауыл шаруашылығы, туризм және тіпті ғарышты қамтитын 40-тан астам платформа құрылды. Жақын арада біз ТМҰ туын түркі әлемінің бірлігінің символы ретінде ғарышқа жібереміз, – деді Кубанычбек Омуралиев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу