Түркі мемлекеттері ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады

142

Бұл туралы azertag.az хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Түркі мемлекеттері ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады Фото: abai.kz

"Қазақстанның Ақтау қаласының маңында "Әзербайжан Хава Йоллары" компаниясына тиесілі ұшақ "Баку-Грозный" бағытындағы рейсті орындау барысында апатқа ұшырағаны туралы хабарды ауыр қабылдадық. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз, жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Біздің барлық ой мен дұғамыз осы қайғылы оқиғадан зардап шеккен бауырларымызбен бірге. Осы қайғылы кезеңде біз зардап шеккен барлық мемлекеттердің халықтарына шыдамдылық тілейміз және көңіл айтамыз", – делінген мәлімдемесінде. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу