Түркі мемлекеттері ұйымына 14 жыл толды

747

  Аталмыш ұйым 2009 жылы 3 қазанда Нахчыван келісімімен құрылды. 

Түркі мемлекеттері ұйымына 14 жыл толды Фото: Darakchi

Бүгін түбі бір түркі елдерін біріктірген ұйымға 14 жыл толып жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылы 3 қазанда Әзербайжанның Нахчыван қаласында құрылды. Ол кезде кеңес құрамына Түркия, Әзербайжан, Қазақстан мен Қырғызстан кірген. 2019 жылы Баку саммитінде Өзбекстанның қатысуымен мүше елдер саны 5-ке жетіп, Түркіменстан, Венгрия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасы "бақылаушы" ретінде қосылған.

Ал 2021 жылы Ыстанбұлда  түркі елдері мемлекет басшыларының қатысуымен өткен саммит барысында атауы "Түркі мемлекеттері ұйымы" деп өзгерді.

Түрік әлемін ортақ тарихи және мәдени құндылықтармен біріктіруді мақсат еткен ұйым, мүше елдермен экономикадан саясатқа, мәдениеттен туризмге, білімнен спортқа дейін әртүрлі салаларда ынтымақтастықтың негізін қалау үшін жұмыла жұмыс істеп келеді.

Түркі мемлекеттері ұйымы мүше елдермен 14 жылда түркі әлемінің геосаяси жағдайын нығайтқан халықаралық ұйымға айналып отыр.

Құрылғаннан бері мемлекет басшылары деңгейінде 9 саммит ұйымдастырылды. Ал  қарашаның 3-і күні Қазақстанның бас қаласы Астанада түркі мемлекеттері елдерінің 10-шы саммиті өтпек. Қазір дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу