Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде қандай құжаттарға қол қойылды

341

Саммит аясында 12 құжатқа қол қойылды.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитінде қандай құжаттарға қол қойылды Фото: akorda.kz

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар төмендегідей:

1. Астана Актісі;

2. Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы; 

3. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

4. Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі; 

5. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім; 

6. Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;

7. Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім; 

8. 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;

9. Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;

10. "Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені" әзірлеу туралы шешім;

11. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама; 

12. Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу