Түркі мемлекеттері ұйымының Әділет министрлері Кеңесінің бірінші отырысы өтті

215

Отырыс Мемлекет басшысының 2023 жылғы 3 қарашадағы ТМҰ-ның Х саммитінде айтылған тапсырмасы шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Түркі мемлекеттері ұйымының Әділет министрлері Кеңесінің бірінші отырысы өтті Фото: Әділет министрлігі

2024 жылғы 9 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында (Астана қ.) Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің бірінші отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Әділет министрі А.Н. Есқараевтың төрағалығымен Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан Әділет министрлері қатысты. Сондай-ақ, отырысқа ТМҰ-ның Бас хатшысы К.К. Омуралиев қатысты.

Кездесу барысында қатысушы мемлекеттердің әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қаралды. Құқықтық өзара іс-қимылды нығайту және құқықтық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырысқа қатысушылар әділет жүйелерінде цифрландырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыт кейінгі жылдары шешуші болатынын атап өтті. Кеңестің тұрақты отырыстарында осындай тақырыптарды талқылау ведомствоаралық ынтымақтастықты тереңдетуге және ТМҰ-ға қатысушы мемлекеттердің әділет органдары жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша Кеңестің негізгі уағдаластықтары мен одан әрі жұмыс бағыттарын бекітетін Астана декларациясына қол қойылды.

ТМҰ-ға қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлерінің келесі отырысы 2025 жылға Әзербайжан Республикасында жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу