Түркі мемлекеттері ұйымының оныншы мерейтойлық саммиті қазанда Түркістан қаласында өтетін болды. Сондай-ақ, күзде ұйымға төрағалық ету міндеті біздің елге жүктеледі. Тоқаев мүше елдерді Қазақстанға шақырып кетті.
Жиында төтенше жағдайдың алдын алу үшін ақпарат бөлісіп, құтқарушылардың тәжірибе алмасуына біздің елде "Қазқұтқару" халықаралық оқу-жаттығуы өтетіні де айтылды. Түркі тілдес мемлекеттердің құтқару қызметтері елге келуі мүмкін. Тоқаев осы кезде салаға жауапты мекеме басшыларының алғашқы басқосуын да өткізгелі отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу