Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында Сыртқы істер министрлері кездесті

525

Іс-шара барысында ТМҰ Мемлекет басшылары кеңесі отырысының күн тәртібіне байланысты мәселелер, сондай-ақ Саммит шеңберінде қол қоюға жоспарланған құжаттардың жобалары талқыланды. 

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында Сыртқы істер министрлері кездесті Фото: baq.kz

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Түркі мемлекеттері ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) отырысына қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Төтенше жағдайлар жөніндегі менеджмент және гуманитарлық көмек" тақырыбындағы биылғы саммит 2023 жылдың ақпанында Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен түрік халқын қолдау мақсатында шақырылды. Осыған байланысты төтенше жағдайларда ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының жедел өзара іс-қимылы және жаңа табиғи апаттарға тез ден қою мәселелеріне ерекше назар аударылды.

"Қ. Омаров өз сөзінде ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің тиісті органдары арасында азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім жасасудың маңыздылығын қолдады, бұл табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың көбеюі аясында ерекше өзекті болып отыр", - делінген ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарламасында.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы қарашадағы Самарқандта өткен ТМҰ саммитінде ұсынған бастамасына сәйкес, қазақстандық делегация басшысы ұйымның тиімділігін арттыру мақсатында ТМҰ жанындағы тараптардың Тұрақты өкілдері институтын тезірек құру қажеттігін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу