Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті Cамарқанда өтеді

717

Бауырлас елдердің жиыны қараша айының 11 жұлдызына жоспарланған. Биыл ұйымға Өзбекстан төрағалық етеді деп жазады inbusiness.kz.

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті Cамарқанда өтеді Фото: www.turkkon.org

Түркі мемлекеттерінің ұйымына Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Бақылаушылар елдердің қатарында Венгрия мен Түрікменстан бар.

Былтыр Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2021 жылғы 14 қарашада Ыстанбұлда өткен ТМЫК-ға мүше елдердің VIII саммитінде Түркі мемлекеттерінің ұйымы болып өзгертілді.

Түркияның Сыртқы істер министрі Чавушоғлу: "2022 жылы Түркі мемлекеттерінің саммиті өтеді. Самарқанд саммиті ынтымақтастығымыздың жаңа бетін ашады деп сенеміз", – деді мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу